Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы
М. Кубейсиновке
Қызметтік жазба
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі №6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген «Сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларының» 185 тармағына сәйкес, аудиторлық іс-шараның нәтижелерін қарау бойынша Тексеру комиссиясының алдағы отырысы туралы анонсты интернет-ресурсқа орналастыруыңызды сұраймын.
Бас инспектор-мемлекеттік аудитор К. Муратова
Анонс
Ағымдағы жылғы 30 желтоқсан күні сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.
Отырыста «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Орал қалалық ветеринариялық станция» КММ-де кәсiпорын қызметкерлерiмен өзара есеп айырысу, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi берушiлермен өзара есеп айырысуды жүргiзу кезiнде бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалануына жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері қаралады.
Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.