Анонс
2025 жылдың 27 қараша күні сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.
Отырыста Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» МКҚК-да, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Қаратөбе аудандық орталық ауруханасы» МКК-да және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Казталов аудандық ауруханасы» МКК-да Денсаулық сақтау саласындағы квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілері қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит, шарттардың талаптарын орындау, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыруы, сондай-ақ бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығына жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері қаралады.