Ағымдағы жылғы 20 сәуір күні сағат 11.00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi. Отырыста "БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ-де 2019-2021 жылдар кезеңінде бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекеттік активтерді, оның ішінде жолаушыларды тасымалдауға арналған субсидияларды пайдаланудың дұрыстығына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесі қаралатын болады. Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.