2023 жылдың 11 сәуірі күні сағат 10-00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi. Отырыста «Бәйтерек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ-де жергілікті бюджетке салықтардың және басқа да міндетті түсімдердің толықтығы мен уақтылы түсуіне, сондай-ақ бюджет пен салық басқармасынан қате (артық) төленген сомаларды қайтарудың, есепке алудың дұрыстығына жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері қаралады. Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.