Анонс
Ағымдағы жылғы 27 қараша күні сағат 10.00-де Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өтедi.
Отырыста «Жаңақала ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» және «Бөкейордасы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемелерінде салықтық әкімшілендіру тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсетін салықтар мен түсімдердің толықтығы мен уақтылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығы мәселесіне жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижелері қаралады.
Отырыста жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары шығарылатын болады.